Ал, енді, көріңіз, тамсаныңыз үнді сериалына!
Ал, енді, көріңіз, тамсаныңыз үнді сериалына!

Ассалаумағалейкүм, құрметті, оқырман жамағат!

     Алғашқы блогымды мені бей-жай қалдырмаған үнді телехикаяларының тақырыбынан бастауға бел будым. Әлеуметтік желілердегі үнді халқының "соқыр"  нанымдарын баяндайтын төмендегі суреттерді көріп, оларды жариялаған адамға риза болдым. Теледидарда көрсетілген үнді, ал нақтырақ айтсақ индуизм әлемі соншалықты көркем бе? Өз басым, қаншалықты жиіркенішті екенің білдім.

ind1

     Жақында бір үйге барғанымда үй иесі, жасы қырық бестер шамасындағы апайымыз осы үнді сериалынан көз алмадыСондағысы жарты сағат бойы үнді қызы сиырмен сөйлесіп, одан дұғасын тілеп отырғаны. 

 

ind2

Қанша бүлдіршіндер де, үйдегі ата-анасымен қоса осы "бәлелерді" көріп, миларын улауда?

 

ind3

 

gang

Мына тұрған Ганга, әлемнің ең лас өзені бес жүз миллион адамның денсаулығына қауіп төндіруде.

 

ghat

 Бұл Гангадағы индуисттардың Варанаси қаласындағы  дәрет алатын жері  "адам 
экскрименттері мен өндірістік қалдықтардан жасалған сорпа" деп аталып кеткен.

 

      Сонымен қоса Гангада:

  • өліктерін жағып күлдерін өзенге жібереді, ал әдейілеп Варанасиға өлуге келгендердің, тұрмыс құрмаған және екі қабат әйелдердің, балалардың, кремацияға қаражаты болмаған кедейлердің түгелдей денелерін қоя береді;
  • жылына өзенге түсуге келген 700 млн. адамның 3.6 млн. жуығы көз жұмады;
  •  ...

 

   Суреттердің арасынан адам түршігетіндерін жариялаған жоқпын. Осылардың өзі де тәбетінді қашырады.  Ютубтағы видеоларды да қарап едім, жан түршігерлік! Неткен надандық!?
     Бізді ақиқат жолына салған, Мұхаммед (салалЛаху алейһи уә салам) үмбетінен еткен Алла тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын! 

12 Джумада-сани 1436

2 сәуір 2015 жыл. 

 

тазалық, қоғам, теледидар, надандық, үнді, индуизм, тв, өзендер
IbrahimIbrahim
2 жыл бұрын 1298
4 пікір